"Discussion of the new edition of Code "About health"

  • Special version
  • Mobile version

You are here

News

13.06.2019 г.

Комитет дәрілік препараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жұмысын күшейтті

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты, барлық дәрілік заттарға арналған бағаларды реттеу, дәрі-дәрмектерді рецептімен сату және жалғандыққа қарсы күресуге байланысты  шараларды күшейту тәрізді мәселелер бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізілді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Л. Бюрабекованың айтуынша, осы өзгерістер азаматтардың сапалы дәрі-дәрмектерге қолжетімдігін қамтамасыз етуге, ал бағаларды реттеуді енгізу республикамыздың барлық өңірлерінде бірыңғай баға саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанда сатылатын рецептілік дәрі-дәрмектердің 50%-дан астамы дәрігердің тағайындауынсыз сатылады және 10%-ға жуығы жалған болып табылады. Осыған байланысты, азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіп төндіруі мүмкін дәрі-дәрмектердің бақылаусыз қолданылуын болдырмау үшін препараттардың рецептімен сатылуын бақылау шаралары күшейтілді.

Қазақстанда дәрігердің рецептісі бойынша дәріханаларда дәрі-дәрмектерді сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы болып табылмайды және бұл тыйым салу 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.

Дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттардың тізбесімен Министрліктің интернет-ресурстарында танысуға болады.

Бұдан басқа, DariKz мобильді қосымшасының көмегімен шекті бағаларда белгіленген, барлық тіркелген дәрі-дәрмектер (осы функция шілдеде іске қосылады), дәріханаларда сату шарттары туралы ақпаратты алуға, сондай-ақ қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Рецептілерді жазып беру рәсімдерін және дәріханаладан препараттарды алуды жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап Министрліктің ақпараттық жүйелерінде жұмыстың толық электрондық форматына көшу жолпарлануда. «Қағазсыз ауруханаға» көшу шеңберінде кейбір өңірлер (Қарағанды, Атырау) рецептілерді жазып беру бойынша электрондық форматқа көшті.

Ішкі нарықтағы дәрі-дәрмектердің айналысын және жалғандығын бақылаудың тиімді жүйелі шараларының бірі фармацевтикалық қадағалау жүйесі немесе «сары карта» деп аталатын жиын болып табылады.  Осы жүйе АҚШ және Еуропа одағының халықаралық және танылған жетекші реттеуші органдары болып табылады.

Ағымдағы кезеңде осы карталарды талдауды және бағалауды препарат қауіпсіз болғанға және оған қайта бағалау жүргізгенге дейін оның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу немесе қолданысын тоқтата тұру сияқты шараларды қабылдау қажеттігі туралы Комитетке ақпарат ұсына отырып, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы жүргізеді. Мысалы, 5 айдың ішінде 18 препаратты кері қайтарып алу және сатылымын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ препараттың 43 атауының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығына жаңадан анықталған жанама әсері бойынша өзгеріс енгізгенге дейін сатылымы тоқтата тұрылды.

Л. Бюрабекованың айтуынша, тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша және препараттарды рецептімен сату туралы ақпарат алу үшін Сall-орталықтары іске  қосылды. Call-орталығына 1439 қысқа нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Бұл нөмір қалалық телефон үшін де, ұялы телефон үшін де қолжетімді. Қоңыраулар еліміздің кез келген жерінен тегін қабылданады.

Еске сала кетейік, рецептісіз және тіркелмеген дәрі-дәрмектер сатылғаны үшін әкімшілік жаза көзделген. 2018 жылы рецептісіз препараттарды сатудың 90 жағдайы анықталған, 20 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Сондай-ақ,  соңғы 3 жылда тіркелмеген дәрілік заттардың айналысының 61 фактісі анықталған: 2016 жылы – 16 факт, 2017 жылы – 27, 2018 жылы – 18 факт.

 


Mobile version RSS Site map