"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.06.2019 г.

Демалуға шығатын туристерге жаднама

Көптен күткен жаз мезгілімен бірге демалыс кезеңі де келді.  

Демалыс сізге күтпеген тосынсый әкелмеуі үшін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жайлы демалыс үшін мынадай негізгі қағидаларды сақтау керектігін еске салады.

Сапар алдында Сіз мұқият медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің қорытындысын алуыңыз қажет. Созылмалы аурулармен ауыратын науқастар, жүкті әйелдер және кішкентай балалармен саяхатқа шығатын адамдар  дәрігердің ұсынымдарына ерекше назар аударуы керек.

Күн тиюдің алдын алу үшін жеңіл және табиғи маталардан  тігілген киім, жазғы бас киім кию, терінің ашық жерлеріне күнге күюге қарсы крем жағу, сұйықтықтарды тұтыну мөлшерін арттыру және алкогольді сусындар қабылдауды шектеу қажет.

Демалыс кезеңінде жануарларды ұстаған кезде абай болу керек, себебі олар көптеген инфекциялық және паразиттік аурулардың көзі болып табылады. Мысықтарды, иттерді және басқа да жануарларды ұстамаңыз! Бұл іс жүзінде, барлық елдерде қауіпті.

Егер жануарды ұстаған кезде ол  Сізді тістеп алған болса, тырнаса немесе қарапайым сілекейі жұққан болса ол жерді сабынды сумен мұқият жуыңыз. Құтырма мен сіреспеге қарсы егу жүргізу туралы мәселені шешу үшін дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Улы жыландардың, жәндіктердің (сарышаян, қарақұрт, бүйе, сколопендра) және тропикалық теңіздерді мекендеушілердің (улы медузалар, сүліктер, балықтар)  шағуы Сіздің денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін.

Адам үшін қауіпті қансорғыш жәндіктердің (бүргелер, кенелер, масалар, москиттер, соналар, шіркейлер және шыбындар) көпшілігі тропикалық инфекциялық және паразиттік аурулардың тасымалдаушылары болып табылады.

Жануарлармен, бауырмен жорғалаушылармен және жәндіктермен жанасудан жағымсыз зардаптардың алдын алу үшін ұзын жеңді киім, шалбар,  шұлық және тығыз гетрлі бәтеңке кию, репелленттер қолдану қажет.Кешкі және түнгі уақытта тіпті қалаларда да, электр шамдарын пайдалану керек.

Лицензиясы бар және сапасына кепілдік берілген өнімдерді пайдаланатын объектілерде (мейрамханалар, дәмханалар, бистро және т.б.) тамақтануға аса назар аударуыңызды сұраймыз.

Жемістер мен көкөністерді жуу үшін қайнатылған немесе бөтелкеге құйылған суды пайдалану қажет. Ауыз су, сусындар мен шырындар өнеркәсіптік өндірістің өнімі болуы және сапасына кепілдік берілген болуы тиіс.  Тамақты көше  саудасындағы сатушылардан сатып алмау керек, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық тағам өнімдерін, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, кепілдендірілген технологиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді тамаққа пайдаланбау қажет.

Туристердің қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілген бассейндер мен су қоймаларында суға шомылу ұсынылады. Жағажайда шезлонгтарды, жатақтарды немесе төсеніштерді пайдалану ұсынылады. Күн сәулесінде 40-50 минуттан артық болуға болмайды. Үш жасқа дейінгі балаға тек күннің шашыраңқы сәулесінің астында (жағажай қолшатырларының астында, ағаштар көлеңкесінде және т. б.) 10-15 минутке дейін  күнге күюге болады. Күн сәулесі түсуі мүмкін дененің барлық ашық бөліктеріне күннен қорғайтын крем жағу керек.

Чемодандарды жинағанда, саяхат кезінде қажет болуы мүмкін алғашқы көмек қобдишасын салып қою керек. Дәрі қобдишасына мыналарды салуға болады: спазмолитикалық заттар (но-шпа), ауырсынуды басатын және дене қызуын басатын (парацетамол немесе ибупрофен), тамақ ауруына қарсы мұздықтар, ас қорытудың бұзылуынан сақтайтын препараттар (белсендірілген көмір, смекта, панкреатин, ішетін регидрациялық тұз), пластырьлар (бактерицидтік, сүйел), жәндіктердің шағуынан, күнге күюден қорғайтын спрейлер мен жақпалар, мақта, бинт, тері қабынулары мен жаралар жағдайында сутегі тотығы; суық тиюге қарсы препараттар (фервекс, терафлю, инсти, гриппостад және басқалар).

Ыстық климаты бар елдерге сапарға шыққан жағдайда алдын ала егулер алу керек. Тропикалық елдерге баратын адамдарға дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке қарсы егілу ұсынылады. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) және Латын Америкасына шығу кезінде сары безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Қажылыққа Меккеге баратын адамдарға менингококқа қарсы вакцинация жасау қажет. Африка және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болған жағдайда В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.

Шетелде болатын кезеңге медициналық сақтандыру полисін сатып алған дұрыс  болады. Сақтандыру полисінің болуы сапар кезінде күтпеген медициналық шығындардан сақтануға және білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Сіз демалуға бара жатқан мемлекетте роуминг бар ұялы телефоныңызды алуды ұмытпаңыз. Төтенше жағдайларда көмек көрсете алатын қызметтің телефон нөмірі болып табылатын қарапайым 112 нөмірін есте сақтау қажет.

Сізге сәт сапар және жақсы демалыс тілейміз!

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы