"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Минздравом для снижения давления на бизнес количество разрешительных документов сокращено на 92%, количество проверок по особому порядку - на 28%
29.05.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігі бизнеске қысымды төмендету үшін рұқсат ету құжаттарының санын 92%-ға, ерекше тәртіп бойынша тексерулер санын 28%-ға қысқартты

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Бизнесті қолдау бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Іс-шара барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бақылау мен қадағалаудың тәуекелге бағдарланған үлгісін енгізу, өнімнің қауіпсіздігін бизнеске қосымша жүктемесіз бақылауға мүмкіндік беретін бақылаудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қозғалды.

ҚР Үкіметінің тапсырмаларын іске асыруда бизнеске қысымды төмендету үшін рұқсат ету құжаттарының саны 81-ден 7 түрге дейін қысқартылды, тәуелсіз сарапшылардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуі, камералдық бақылау, өнімді өткізу сатысында сатып алу сияқты тексерулердің бұдан бұрын санитариялық қызмет қолданбаған балама түрлері енгізілді, өндірістік бақылау бағдарламаларын енгізу бойынша түсіндіру жұмысы жалғасуда.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер санын қысқарту үшін алынған тәжірибені ескере отырып, жаңалықтар тәуекелдерді бағалаудың жаңа өлшемшарттарын әзірлеуге негіз болды. Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін қалыптастыруға арналған тәсілді қайта қарау ерекше тәртіп бойынша бақылау мен қадағалауға жататын объектілер санын 60 %-ға  немесе 26 мың объектіге қысқартуға мүмкіндік берді.

 Ағымдағы жылғы екінші жартыжылдығында жоспарланған бақылаудағы объектілерді инвентарлау ерекше тәртіп бойынша тексерулердің санын 8,5 мыңға (28%) одан әрі қысқарутуға алып келді.

Сондай-ақ, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек  Бекшин «Қайта реттеу» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатқан санитариялық қағидалардың талаптарын оңтайландыру бойынша жұмыс туралы айтты. Оның қорытындысы бойынша санитариялық қағидалардың саны 10 еседен астамға (700-ден 67-ге дейін), ал олардағы талаптардың саны қазіргі уақытта 11 мыңнан 4 мыңға дейін қысқартылды, бұл қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялардың дамуына байланысты түзетулерді енгізу қажеттілігінен туындаған және бұл процесс тұрақты өтуде.

Қазір жоспарланған 20 санитариялық қағиданың 5-уі  қайта бекітілді, Комитет олар бойынша 200-ге жуық талапты оңтайландырды, қауіпсіздікке әсер етпейтін қолданылмайтын ескірген 124 талапты алып тастады. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қысқартылды.

Шамамен  25% ақпараттық құралдар (әртүрлі журналдарды жүргізу, шүберектерді таңбалау, ақпараттар ұсыну сияқты) қысқартылды. Тиімсіз  есеп беру-есепке алу  құжаттамасын  алып тастау бизнес субъектісіне негізгі өндірістік қызметке көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Жалпы тексерулер саны соңғы үш жылда 3 есеге, ал рұқсат ету құжаттарын беру 5 есеге қысқартылған.

Оңтайландырылған Санитариялық қағидаларды қабылдау қызметтер көрсету сапасын жақсартуға; жеке секторды дамыту үшін әкімшілік кедергілерді алуға; мемлекеттік жеке әріптестік, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруға бизнестің қолжетімділігін арттыруға және кәсіпкерлердің өндірістік бақылауды (өзін-өзі бақылау) енгізуге, бәсекеге қабілеттілікті және өнімнің сапасын арттыруға деген ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік береді, бұл соңында кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға алып келеді.

Сонымен қатар, бизнесті қайта реттеу мемлекет, кәсіпкерлік пен тұтынушылар мүдделері теңгерімінің сақталуын ескере отырып, халықтың қауіпсіздік және жайлылық деңгейін төмендетпей жүргізіледі.

Сөзін қорытындылай келе, Жандарбек Бекшин халықты толғандыратын бақылаудан алынған объектілерді бақылаумен қамтамасыз ету үшін Комитет халықпен үнемі байланыста болуы қажет екенін атап өтті. Бұл үшін аумақтық бөлімшелері бар Комитеттің сайты (kooz.mz.gov.kz) жұмыс істейді, барлық аумақтық бөлімшелерде қоғамдық қабылдау бар. Бұдан басқа консультациялық орталықтар, «қауырт желі» телефондары бар, «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады, азаматтарды қабылдау жүргізіледі. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы