Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.05.2019 г.

Ішек инфекциясының алдын алуға болады - Бекшин

Бүгін біз балалардың демалыстары мен жазғы демалысы маусымының қызған кезеңінде жиналып отырмыз. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты халық арасында жіті ішек инфекциялары, вирустық және бактериялық табиғат ауруларының таралу қаупі артады. Бұл кезеңде адамның өмір сүру ортасы объектілерінде, тамақ өнімдері мен суда ауру қоздырғыштарының сақталуы менкөбеюі үшін қолайлы жағдай болып табылады. Жұқтыру инфекция жұқтырылған тамақ өнімдерін, ластанған ауыз суды пайдаланған кезде, науқаспен немесе бактерия тасымалдаушымен лас қолдар мен тұрмыстық заттар арқылы байланыста болған кезде жұғады.

Ішек инфекцияларының алдын алу көбінесе жеке гигиена ережелерін сақтауға байланысты. Ішек ауруларының алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтау қажет:

● кәмпитті және құрғақ кондитерлік өнімдерді қоспағанда салтанатты іс-шаралардан әкелінген сарқытты пайдаланбау;

● жеке гигиена ережелерін сақтау, тамақ ішу алдында, дәретханаға барғаннан кейін және көшеден үйге оралғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

● ішу үшін сапасына кепілдік берілген қайнаған немесе бөтелкеге құйылған суды пайдалану;

● өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден, үй жануарларынан қорғалған жерлерде сақтау;

●шикі тамақ өнімдерін дайын тамақ өнімдерінен бөлек сақтау, шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке арнайы бөлінген пышақтар мен тақтайшаларды пайдалану;

● тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін таза қаптаманы (полиэтилен, қағаз, тамақ өнімдеріне арналған контейнерлер) пайдалану;

● тез бұзылатын өнімдер (сүт, сүзбе, қаймақ, еттің жартылай фабрикаттары, ет және балық дайын тағамдары, салаттар, кремі бар аспаздық өнімдер және т. б.) сатып алынған немесе дайындалған күні қолданған дұрыс, оларды, тіпті салқын жағдайда да ұзақ уақыт (6-12 сағаттан артық) сақтамаған дұрыс, 12 сағаттан артық сақталған тағамдарды пайдаланар алдында мұқият қыздыру керек;

●рұқсат етілмеген сауда орындарында – кездейсоқ адамдардан өнімдерді сатып алмау, бұл жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сақтау, тасымалдау шарттары бұзылған қауіпсіз емес өнімдерді сатып алуыңыз мүмкін;

● тағамдарды (әсіресе ет, балық, теңіз өнімдері мен жұмыртқаларды пайдалана отырып) дайындаудың температуралық режимін сақтау;

● дайындалған тағамды бөлме температурасында 1 сағаттан артық сақтауға болмайды немесе дайындалған тағамды дастарханға қойғанға дейін ыстық (60°С-тан жоғары) күйде ұстауға болмайды;

● ас үйге кездейсоқ адамдарға рұқсат етпеу керек;

● ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, суға шомылу кезінде суды жұтпауға тырысу керек.

Бұдан басқа, көп жағдайда әр түрлі салтанатты кештерді өткізумен  байланысты аурулар орын алады. Сондықтан:

● 1 сағат бұрын дайындалған және үстелге қойылған тағамдарды;

● көп компонентті салаттарды пайдаланбаңыз, майонезді пайдалануды шектеңіз.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы