Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.06.2019 г.

Қазақстан делегациясы Қытай ұлттық денсаулық сақтау комитетіне жұмыс сапарымен барды

Кездесу барысында қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасына экспортты одан әрі дамыту үшін құрғақ бие мен түйе сүтінің қауіпсіздік көрсеткіштерінің мәселелерін Қытай әріптестерімен талқылады.

Қазақстандық кәсіпорындардың ҚХР-ға құрғақ бие және түйе сүтін экспорттауға қызығушылығы 2016-2017 жылдары туындады.

Алайда Қытайда бие сүтінің стандарты болмағандықтан, Қазақстан Республикасының ұлттық стандартын қолдану мәселелері пысықталды. Осыған байланысты, өткен жылы құрғақ бие сүтіне стандарт әзірленді.

Қазіргі уақытта Қытай тарапы бие сүтін ҚХР-ның шикі сүт жөніндегі тағам қауіпсіздігінің мемлекеттік стандартына (GB 19301-2010), пастерленген сүт жөніндегі мемлекеттік стандартына (GB 19301-2010) және стерильденген сүт жөніндегі мемлекеттік стандартына (GB 19301-2010) қосу мәселесін зерттеп жатыр.     

Жұмыс сапарының соңында тараптар азық-түлік өнеркәсібінің белгіленген салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге ниет білдіріп, қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша нақты іс-қимылдарды айқындады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай екі тараптың талаптарын одан әрі пысықтау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен регламенттелген биедегі құрғақ сүттің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізбесін қазақстандық тараптың қосымша ұсынуы туралы уағдаласты.

Айта кету керек, құрғақ бие сүтін Қытай тарапымен экспорттау бойынша келіссөздер бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді және бұл кездесу келісімге қол жеткізу үшін маңызды болды.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы