"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

31.05.2019 г.

Қазақстанда қызылша ауруы 2 есеге төмендеді – Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Қ. Т. Надыровтың төрағалығымен өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары, қоғамдық денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында Қамалжан Надыров бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Дегенмен, қызылша, менингококк инфекциясымен сырқаттану өзекті мәселе болып қалуда.

Қызылша аурушаңдығы бойынша жағдай Министрліктің тұрақты бақылауында. Өңірлерде қызылша бойынша аумақтық штабтар жұмыс істейді, ошақтарда қызылшаға қарсы егілмеген адамдарды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды.

2018 жылғы қарашадан бастап Қазақстанда 8 269 қызылша оқиғасы тіркелді.

«Аурушаңдық көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі, олардың 61% - дан астамы келеді. Сондықтан, әсіресе, ата - аналарға қызылшадан бірден-бір тиімді қорғау уақтылы вакцинанция екенін есте сақтау қажет», - деп атап өтті Надыров.

Вице-министр ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде қызылшаға, қызамыққа және 9-10 айлық балаларды паротитке қарсы қосымша иммундау жүргізілетінін еске салды. Сондай-ақ қызылшамен байланыста болған адамдарды вакцинациялау жалғасуда.

Қазіргі уақытта 75 894 бала (93,2%) және 65 263 медицина қызметкері (97%) егілді. Бұл іс-шара қызылша ауруын 2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік берді (1984 жылдан наурыз айында 1024 жағдайға дейін).

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин баяндама жасай отырып, қатысушыларды менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайымен және ошақтарда өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.

Бекшиннің айтуынша, өткен жылы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мамыр айында сырқаттанушылық өршуі байқалған кезде бұл мәселе ерекше бақылауға алынған.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі, бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова 2019 жылдың басынан бері менингококк жұқпасының расталған 28 жағдайы тіркелгенін, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 60 жағдай тіркелгенін атап өтті. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«Менингококтық инфекцияның өршу себептерінің бірі өткен жылы халықтың медициналық көмекке, өзін-өзі емдеуге жүгінуі болды. Дер кезінде эпидемияға қарсы іс - шаралардың арқасында менингокококк инфекциясын жұқтыру жағдайлары орын алған жоқ», - деп атап өтті Бюрабекова.

Кеңес қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармаларына, аумақтық органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарына жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Атап айтқанда, тиісті тұрғындарды вакцинациялаумен қамту бойынша жұмысты жалғастыру, қабылдау және жедел медициналық көмек пенингокококк инфекциясы бар науқастарды қабылдауға, уақтылы диагностикаға, емдеуге, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге дайындығын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, менингококк инфекциясының әрбір күдікті жағдайын жеке бақылауда ұстау қажет. Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің басшылары аурудың алғашқы белгілері және өзін-өзі емдеу қаупі пайда болған кезде медициналық көмекке ерте қарау қажеттігі туралы халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы