"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.06.2019 г.

Қазақстанда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіледі

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттануын зерттейді.

Респонденттерге кешенді сауалнама жүргізу ауылдық елдімекендерді қамти отырып, республиканың барлық 17 өңірінде жүргізіледі. Өткен жылы халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттану деңгейі 47,84% құрады, жоспар бойынша 47%. Комитет тапсырысы бойынша аталған әлеуметтік зерттеуді «Аналитика және стратегиялық жобалар орталығы» ҚҚ жүргізеді.

Халықтың медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, оның ұйымдастырылуына қанағаттанушылығы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін бағалаудың маңызды өлшемдерінің бірі. Жүргізілген зерттеу медициналық ұйым туралы ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігінің деңгейін, жайлылық деңгейін, медициналық қызметтерді күту уақытын, мейірбандық деңгейін, медицина қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Пациенттердің медициналық көмек сапасын бағалаудың ең танымал әдісі сауалнама болып табылады. Мәселен, ақпаратты жинау үшін Комитет арнайы сауалнама әзірледі, онда бірнеше жауап нұсқасы бар. Сауалнама анонимді сақтай отырып, ерікті түрде жүргізіледі, сондықтан сауалнамада тегін немесе мекен-жайын көрсету талап етілмейді. Сауалнаманы толтыру уақыты 5 мин. құрайды.

Зерттеу нәтижелері медициналық көмек көрсету сапасы мәселесін кешенді қарауға, сапаға әсер ететін факторларды анықтауға және оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сауалнаманы талдау және стратегиялық жобалар Орталығының сайтында осы сілтеме бойынша толтыруға болады http://www.ofcasp.kz/. Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

 

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы