Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.05.2019 г.

Менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты – Бекшин

Республикамызда менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты.

Қазақстан Республкасында 2019 жылдың басынан бері менингококк инфекциясяның расталған 22 жағдайы тіркелді 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңінде 60 жағай тіркелген.

Қазіргі уақытта 5 науқас (ШҚО - 2, БҚО, Ақмола және Алматы облыстары 1 жағдайдан)  стационарлық емделуде.

Сондай-ақ, стационарларда менингококк инфекциясына күдікті 2 науқас (ШҚО, Ақтөбе облысы 1 жағдайдан) бар. Науқастардың жағдайы ауырлық дәрежесі бойынша бір қалыпты ауыр жағдайда, нашарлаған жоқ.

Өткен жылы мамыр айында Алматы қаласында және Алматы облысында Рамазан айымен сәйкес келген менингогокк инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғарылау деңгейі байқалғанын бәріміз білеміз. Өткен жылы мениногококк инфекциясының өршуі себептерінің бірі  тұрғындардың өздігінен емделуі, медициналық көмекке кеш жүгінуі болған еді. Уақтылы жүргізілген эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында байланыста болған адамдардың  арасында менингококк инфекциясы ауруының жағдайына, жаппай сырқаттануға жол берілген жоқ. 

Қазақстан Республикасындағы менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа көпжылдық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1-ді құрайытынын көрсетіп отыр, бұл ретте, қазіргі уақытта Қазақстандағы сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,1-ді құрайды. Менингококк инфекциясы өзінің антигендік құрылымы бойынша  А, В, С, X, Y, Z, W-135 және басқалар сияқты ондаған серотопқа ие. Қазақстанда А, В, С, W-135 типтерінің айналымы байқалады.

Денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылық жоғарылаған кезде халықты вакцинациялайтын және белгілі бір іс-шаралар жүргізілетін  сыртқаттанушылықтың алдын алудың шекті деңгейін  және эпидемиялық шекті деңгейді айқындалған (алдын алудың шекті деңгейі – аптасына 100 мың жағдайға – 3 және 100 мың тұрғынға 10). Профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін Қазақстан Республикасының тұрғындарының санына есептеу кезінде шекті деңгей аптасына 540 жағдайды құрайды және менингококк инфекциясына қарсы тұрғындарды жаппай вакцинациялау және шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде эпидемиялық шекті деңгей – аптасына 1800 жағдай.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ,аумақтық бөлімшелер, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары барлық қажетті эпидемияға қарсы шараларды қабылдады.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрымен инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі штаб құрылды, аталған штаб жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданатын іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дірігері барлық еліміз бойынша тиісті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету туралы қаулы шығарды, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларына, Комитеттің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының департаменттеріне тапсырма берді. Барлық байланыста болған адамдар уақтылы анықталды және қажетті профилактикалық ем алды, соның арқарсында байланыста болған адамдардың арасында аурулардың жағдайына жол берілген жоқ.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы