"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.06.2019 г.

Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сапаны бақылау күшейтілді

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін өнімдер туралы оларды ақпараттандыру мақсатында ай сайынғы негізде сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін орналастырады.

Сәйкес келмейтін өнімдердің тізбесі Комитеттің сайтында өзектендірілген тізілімде жалпы қолжетімділік үшін әрдайым ашық болады. Әрбір ниет білдіруші өнімнің түрі мен атауы, партияның (серияның) нөмірі, дайындалған күні, өнімнің жарамдылық мерзімі, өндіруші (өнім беруші) өнімді іріктеу орны, бұзушылық түрлері және өнімнің сәйкестігін растайтын деректер сияқты мәліметтердің мазмұнымен таныса алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі № ҚР ДСМ-59 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын»  бекітті, тізілімді жүргізу құзыреті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға заңнамалық деңгейде бектіліп берілді.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы