Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.06.2019 г.

Сертификатсыз медициналық қызмет заңсыз

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті медицина қызметкерлерінде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуына талдау жүргізуді аяқтады.

Тексеру нәтижесі бойынша 1 709 медицина қызметкерінде сертификаттың болмау фактілері анықталған, оның ішінде 675 дәрігер және 1 034 орта медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Анықталған фактілер бойынша аумақтық денсаулық сақтау басқармасымен бақылаудың және жүйелі жұмыстың болмағаны үшін медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдануда.

Республиканың 5 өңірінде 28 медицина қызметкерінде жалған сертификат анықталды (Қарағанды облысы– 13, Нұр-Сұлтан қ. – 6, Жамбыл облысы – 5, ШҚО – 3, Павлодар облысы – 1).

Жалған сертификаттардың анықталған фактілері бойынша материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберілді.

Комитет тиісті сертификатсыз клиникалық практикаға жіберілген  медицина қызметкерлерінің осындай санын ақпараттық жүйелер («Е-лицензиялау» МДҚ және ҚР ДСМ «Ресурстарды басқару жүйесі» АЖ) арқылы анықтады.

Бұдан бұрын хабарлағандай, 2019 жылғы 1 тамыздан бастап маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйелердегі медицина қызметкерінің жұмыс орны автоматты түрде бұғатталады, бұл оның жұмыстан автоматты түрде шеттетілгенін білдіреді.

Бұдан әрі бұл жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.

Қазіргі уақытта, Комитет Қазақстан Респуликасының медициналық ұйымдарында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік мамандарға қатысты осындай жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы