Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 498-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13394 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық техниканың  тізімінде:   

реттік нөмірлері 1-жолдан бастап 83-жолға дейін алып тасталсын және косымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация  комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                                       Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрінің

2018 жылғы «____»__________ 

№ ____ бұйрығына

қосымша 

Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық

техниканың тізімі

р/с

Медициналық техниканың атауы

1

Көлік құралының шассиіне рентген стоматологиялық жылжымалы әмбебап кешен

2

Рентген диагностикалық жылжымалы аппарат

3

Рентген флюрографиялық стационарлық цифрлық аппарат

4

Рентген маммографиялық аппарат

5

Көлік құралының шассиіне бастапқы медициналық көмектің жылжымалы кешені

6

Рентген диагностикалық кешен (жиынтығында айқындағыш машинасы бар)

7

Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен

8

Жылжымалы рентген диагностикалық аппарат

9

Көлік құралының шассиіне рентген маммографиялық жылжымалы әмбебап кешені

10

Рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат

11

Рентген флюорографиялық жылжымалы цифрлық кешен

12

Рентген диагностикалық кешен

13

Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен

14

Өкпені жасанды желдету аппараты

15

Капиллярлық қандағы глюкозаның, холестериннің және триглицеридтердің шоғырлануын экспресс-талдауыш

16

Капиллярлық қандағы глюкозаның шоғырлануын экспресс-талдауыш

 

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы